Риддерде жылыту маусымы аяқталды

None
ӨСКЕМЕН. ҚазАқпарат – Шығыс Қазақстан облысы Риддер қаласында жылыту маусымы аяқталды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Биылғы жылыту маусымында қайта-қайта апат болған Риддердегі жылу электр орталығы жылу маусымын аяқтады. Бұл туралы қала әкімдігі мәлім етті.

«Күннің жылытып, ауа райының қолайлы болуына байланысты жылыту маусымы аяқталды. Жылу энергиясын тұтынушылардың барлығы бүгін жылу жүйесінен өшіріледі», - делінген ақпаратта.

Негізінен жылыту маусымы сәуір айының 29-і күні аяқталу керек болатын. Алайда ауа температурасының төмендеп кетуіне байланысты созылған.

Еске салсақ, сәуірде Риддердегі жылу орталығында екі күнде 3 ақау шыққанын хабарлаған едік.


Соңғы жаңалықтар