Риддерде жылу құбырын жөндеп жатқанда тұрғын үйге зақым келді

None
Фото: ШҚО ақпарат орталығы
Шығыс Қазақстан облысы Риддер қаласында жылу құбырларын жөндеу барысында тұрғын үйге зақым келді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

ШҚО ақпарат орталығының мәліметіне сүйенсек, оқиға 14 қыркүйек сағат 23.00 шамасында болған.

«Жылу құбырларын жөндеу барысында жер қазу жұмыстары жүргізілген. Сол кезде жеке тұрғын үйдің іргетасының төсенішіне зақым келді. Бұл бірқабатты 4 пәтерлі жер үй. Онда барлығы 12 адам тұрады», - делінген хабарламада.

Абырой болғанда, ешкім зардап шекпеді. Үйдің нық тұруына кедергі жоқ, яғни құлап қалу қаупі байқалмайды.

«Қала әкімдігі және төтенше жағдайлар бөлімінің мамандарынан жедел түрде арнайы топ құрылып, оқиға салдарын анықтауда. Тұрғындар уақытша туыстарының үйлеріне бара тұруды дұрыс көрді», - делінген ақпаратта.

Соңғы жаңалықтар