Риддерде жүргізуші куәлігінен айырылса да, мас күйінде рульге отырған адам жол апатына түсті

None
None
РИДДЕР. ҚазАқпарат – Шығыс Қазақстан облысы Риддер қаласында көлік жүргізу құқығынан айырылса да, ішімдік ішіп алып рульге отырған ер адам жол апатына түсті, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

ШҚО полиция департаменті баспасөз қызметінің мәліметіне сүйенсек, «102» жедел арнасына қоңырау шалған 68 жастағы зейнеткер 3-ші шағынауданда жол-көлік оқиғасы болғанын айтқан.

Анықталғандай, «Нива» автокөлігін тізгіндеген ер адам үй ауласынан шыға бергенде тұрақта тұрған «Toyota» көлігіне соқтығысып, бірден сол жерден із суытқан.

«Полиция қызметкерлері жүргізуші куәлігінен айырылса да мас күйде көлік айдаған 57 жастағы қала тұрғынын ұстады. Аталған факті бойынша ҚР Қылмыстық Кодексінің 346-бабы 2-бөлігіне сәйкес сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде», - деді ШҚО ПД бастығы Сағат Мәдиев.


Соңғы жаңалықтар