Риддерде жол жиегінде тұрған 10 жасар баланы көлік қағып кетті

None
None
РИДДЕР. ҚазАқпарат – Шығыс Қазақстан облысы Риддер қаласында 10 жасар баланы көлік қағып кетті, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

ШҚО Полиция департаменті баспасөз қызметінің мәліметіне сүйенсек, жол-көлік оқиғасы 7 қараша күні сағат 13:30 шамасында Үшінші шағын ауданындағы Айдарханов көшесінде болған.

«Mitsubishi» маркалы автокөлік жүргізушісі рульге ие бола алмай қалып, жол жиегінде тұрған 10 жасар баланы қағып кетті. Жарақат алған бала шұғыл түрде Риддер қалалық ауруханасына жеткізілді», - деп хабарлады ведомство өкілдері.

Қазіргі уақытта жүргізушіге қатысты ҚР Қылмыстық Кодексінің 345-бабы 2-бөлігіне (абайсызда адам денсаулығына ауыр зиян келтірген жол қозғалысы ережелерін бұзу) сәйкес сотқа дейінгі тергеу амалдары басталды.


Соңғы жаңалықтар