Риддерде жоғалып кеткен 5 жасар бала табылды

None
None
ӨСКЕМЕН. ҚазАқпарат – Шығыс Қазақстан облысы Риддер қаласында жоғалып кеткен 5 жасар бала табылды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

ШҚО Полиция департаменті баспасөз қызметінің мәліметіне сүйенсек, бүгін сағат 14:00 шамасында полицияға қоңырау шалған әйел адам ұлының жоғалып кеткендігін айтқан.

Белгілі болғандай, Матвей есімді 5 жасар бала үйден аулаға шығып, сол күйі қайтып оралмады. Ата-анасы өз беттерімен қанша іздегендерімен оны таба алмаған.

«Полиция қызметкерлері бірден жедел-іздестіру шараларына кірісті. Баланы табу үшін волонтерлер де жұмылдырылған. Көп ұзамай Матвай аулалардың бірінен аман-есен табылды. Қазіргі уақытта бала ата-анасына жеткізілді», - деп хабарлады ведомство өкілдері.


Соңғы жаңалықтар