Риддерде жел құлатқан ғимараттың шатырынан екі бала зардап шекті

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Шығыс Қазақстан облысындағы Риддер  қаласында қатты дауыл екі қабатты ғимараттың шатырын ұшырып әкетті. Оқыс оқиғадан екі бала зардап шекті.

Бұл туралы «ҚазАқпарат» агенттігіне ҚР ІІМ ТЖК-ның ресми өкілі Руслан Иманқұлов хабарлады. 

«30 наурызда сағат  20.00-де қатты жел (екпіні 20 м/с жетті) Риддер қаласындағы Дрейман көшесінің бойында орналасқан екі қабатты ғимараттың шатырын ұшырып әкетті. Салдарынан 2007 және 2008 жылғы екі бала зардап шекті», - деп хабарлайды ТЖК. Балалар ауруханаға жатқызылған.

Сол күні, қатты жел қалада Луговая көшесінің бойындағы мектептің шатырын құлатты. Ғимараттың 40 шаршы метр жабындысы қирады. Оқиғадан ешкім зардап шекпеді.

Соңғы жаңалықтар