Риддерде үйге түскен ұрылар 1,2 млн теңгенің мүлкін жымқырып кетті

None
None
ӨСКЕМЕН. ҚазАқпарат – Шығыс Қазақстан облысы Риддер қаласында үйге түскен ұрылар 1,2 млн теңгенің мүлкін жымқырып кетті, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

ШҚО Полиция департаменті баспасөз қызметінің мәліметіне сүйенсек, 29 жастағы ер адам қыркүйек пен қазан айының соңына дейінгі аралықта бір пәтерге бірнеше рет ұрлыққа түскен. Ақша, тұрмыстық техника мен алтын бұйымдарды ұрлаған ол жәбірленушіге жалпы сомасы 1 200 000 теңгеден астам материалдық шығын келтірді.

- Жүргізілген тергеу амалдары барысында 42 жастағы үй иесі полиция қызметкерлерінен оның пәтерінен заттар мен алтын бұйымдар ұрланғанын біліп, аң-таң болған. Ол тіпті екі ай бойы пәтерінен заттардың жоғалғанын байқамапты. Тәртіп сақшылары күдіктіні жәбірленуші арыз жазбай тұрып ұстады, - деді облыстық ПД бастығы Сағат Мәдиев.

Аталған факті бойынша ҚР ҚК-нің 188-бабы 3-бөлігіне (ұрлық) сәйкес сотқа дейінгі тергеу амалдары жалғасуда.


Соңғы жаңалықтар