+7 (701) 759 90 19
USD 426.01 EUR 493.75
RUB 6.05 CNY 66.62
Jańalyqtar

Риддерде саяжайда шыққан өрт 114 шаршы метрді шарпыды

2021 жылғы 19 қыркүйек 20:16
Бөлісіңіз:
Риддерде саяжайда шыққан өрт 114 шаршы метрді шарпыды

РИДДЕР. ҚазАқпарат – Шығыс Қазақстан облысы Риддер қаласында саяжайда шыққан өрт гараж бен моншаға жайылып кетті, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

ШҚО Төтенше жағдайлар департаменті баспасөз қызметінің мәліметіне сүйенсек, 19 қыркүйекте Риддердегі «Қазақстан» бау-бақша қоғамдастығында орналасқан саяжай отқа оранған. Оқиға орнына өрт сөндірушілер дереу келіп жетті. Сол кезде тілсіз жау саяжайдан гараж бен моншаға тарап кеткен.

«Үйден шыққан қызыл жалын басқа ғимараттарға тез тарады. Өйткені олар бір шатырдың астында болған. Өртті сөндіруге жеке құрамнан 14 адам мен 3 автоцистерна жұмылдырылды. Көп ұзамай жалпы ауданы 114 шаршы метрді құраған жалын толықтай ауыздықталды», - деп хабарлады ведомство өкілдері.


Қазіргі мәлімет бойынша өрттің шығу себебі ретінде электр жабдықтарын монтаждау және пайдалану кезінде өрт қауіпсіздігі талаптарын сақтамалмаған деген болжам айтылды.

Естеріңізге сала кетсек, осыған дейін Өскемен қаласында монша кешені өртенгендігін хабарлаған болатынбыз.



Біздің каналымызға жазылыңыз:

Бөлісіңіз:

Автор:

Талғатжан Мұхаметбекұлы

Сондай-ақ... оқыңыз
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Жанибек Амангелди
Жанибек Амангелди
954-059

MURAǴAT