Риддерде полицейлер өртенген үйден ер адамды құтқарып қалды

None
None
ӨСКЕМЕН. ҚазАқпарат – Шығыс Қазақстан облысы Риддер қаласында полиция қызметкерлері өртенген үйден ер адамды құтқарып қалды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі

ШҚО Полиция департаменті баспасөз қызметінің мәліметіне сүйенсек, 8 қарашада кешкі уақытта тәртіп сақшылары Елжан Омаров пен Ахметуәли Ақанов патрульдеу кезінде отқа оранған үйді байқаған. Бірден «112» жедел арнасына хабар берген олар өрт сөндірушілерді күтпестен үйдің ауласына беттеді.

«Сыртта тұрған жасөспірім қыз үй ішінде адам бар екендігін айтты. Бөлмелердің бірінің терезесін ашқан полицейлер ер адамды көріп, оны алып шықты. Соңынан анықталғандай, моншадан шыққан қызыл жалын тез арада гараж бен үйге тарап кетті», - делінген ақпаратта.

Үй иесін қауіпсіз жерге көшірген Елжан Омаров пен Ахметуәлі Ақанов оған автокөлікті гараждан шығаруға көмектесті. Көп ұзамай оқиға орнына құтқарушылар мен жедел жәрдем келіп жетті. Ер адамның денсаулығына ешқандай зақым келмеген.


Соңғы жаңалықтар