Риддерде отқа оранған жер үйден 39 жастағы ер адам құтқарылды

None
None
ӨСКЕМЕН. ҚазАқпарат – Шығыс Қазақстан облысы Риддер қаласында өртенген жер үйден ер адам құтқарылды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

ШҚО төтенше жағдайлар департаменті баспасөз қызметінің мәліметіне сүйенсек, Колчин көшесіндегі жеке тұрғын үйде өрт шыққан.

Оқиға орнына өрт сөндірушілер шұғыл келіп жетті.

«Қызыл жалын үйдегі жеке заттарды, жиһаз бен еденнің ағаш құрылымдарын шарпыған. Барлау жүргізген №1 мамандандырылған өрт сөндіру бөлімінің қызметкерлері 39 жастағы үй иесін тауып, сыртқа алып шықты. Жедел жәрдем дәрігерлері сол аяғы күйген ер адамды бірден аурухананың қабылдау бөлмесіне жеткізді», - делінген ақпаратта.

Көп ұзамай жалпы ауданы 35 шаршы метрге жеткен тілсіз жау толықтай ауыздықталды.

Алдын ала мәлімет бойынша өртті шығуына отты абайсыз қолдану себеп болған.


Соңғы жаңалықтар