Риддерде өртенген үйден ер адам құтқарылып, 3 газ баллоны шығарылды
2022 жылғы 16 ақпан 10:08

Риддерде өртенген үйден ер адам құтқарылып, 3 газ баллоны шығарылды

ӨСКЕМЕН. ҚазАқпарат – Шығыс Қазақстан облысы Риддер қаласында отқа оранған жер үйден ер адам құтқарылды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

ШҚО Төтенше жағдайлар департаменті баспасөз қызметінің мәліметіне сүйенсек, Риддер қаласындағы Боровая көшесінде орналасқан 3 бөлмелі жер үйден өрт шыққан. Оқиға орнына өрт сөндірушілер шұғыл келіп жетті.

«Барлау барысында кіреберісте еденде 31 жастағы ер адам жатқан. Құтқарушылар оны лезде сыртқа алып шығып, жедел жәрдем дәрігерлеріне тапсырды. Сондай-ақ жанып жатқан үйден 3 газ баллоны шығарылды», - деп хабарлады ведомство өкілдері.

Көп ұзамай тілсіз жау толықтай сөндірілді. Қазіргі уақытта өрттің шығу себебі анықталып жатыр.


Ұқсас жаңалықтар

Jańalyqtar

MURAǴAT