Риддерде өрт шыққан көпқабатты үйден 11 адам эвакуацияланды

None
None
ӨСКЕМЕН. ҚазАқпарат – Шығыс Қазақстан облысы Риддер қаласында өрт шыққан көпқабатты үйден 11 адам эвакуацияланды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

ШҚО Төтенше жағдайлар департаменті баспасөз қызметінің мәліметіне сүйенсек, Риддер қаласында көпқабатты үйдің үшінші қабатындағы пәтерде өрт шыққан.

«Оқиға орнына шұғыл жеткен құтқарушылар барлау кезінде түтін тұмшалаған бөлмелердің бірінен ес-түссіз жатқан ер адамды тапты. №1 мамандандырылған өрт сөндіру бөлімінің қызметкерлері Абылай Адасханов пен Асхат Смағұлов жедел жәрдем келгенге дейін оған алғашқы медициналық көмек көрсетті. Содан соң 1958 жылғы азамат ауруханаға жеткізілді», - делінген ақпаратта.

Бұдан бөлек, құтқарушылар көпқабатты үйден 11 тұрғынды, оның ішінде 1 баланы эвакуациялады. Көп ұзамай жалпы ауданы 25 шаршы метрге жеткен қызыл жалын ауыздықталды. Өрттің шығу себебі – темекі шегу кезінде қауіпсіздік талаптарын сақтамаудан болуы мүмкін.



Соңғы жаңалықтар