Риддерде орманда жоғалып кеткен ер адам 3 күннен соң табылды

None
None
ӨСКЕМЕН. ҚазАқпарат – Шығыс Қазақстан облысы Риддер қаласының іргесіндегі орманда жоғалып кеткен ер адам 3 күннен соң табылды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

ШҚО Төтенше жағдайлар департаменті баспасөз қызметінің мәліметіне сүйенсек, Риддер қаласының тұрғыны 17 тамызда үйден орманға саңырауқұлақ теруге шығып кеткен.

Жұбайының хабарынан соң құтқарушылар оны іздестіре бастайды. 40 жастағы азамат 19 тамызда Риддер қаласының маңындағы Поперечное ауылына барар жолдан табылды.

«Ер адам аталған жолдың 20-шақырымынан табылып отыр. Оның айтуынша, «Газ 3110» маркалы көлігі сынып, үйге қайта алмай қалған. Риддер қаласына келген азаматты жан жары қуана қарсы алды», - деп хабарлады ведомство өкілдері.


Соңғы жаңалықтар