Риддерде мас жүргізуші полицейлерден қашып құтылмақ болды

None
None
РИДДЕР. ҚазАқпарат – Шығыс Қазақстан облысы Риддер қаласында мас күйде рульге отырған жүргізуші полицейлерден қашып құтылмақ болды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

ШҚО Полиция департаменті баспасөз қызметінің мәліметіне сүйенсек, тәртіп сақшылары «Қауіпсіз жол» жедел алдын алу шарасы аясында «Subaru» маркалы автокөлікті тоқтатқан. Алайда жүргізуші тоқтаудың орнына жылдамдықты арттырды. Полицейлер бірден оның соңына түскен.

«Нәтижесінде, 29 жастағы жергілікті тұрғын тізгіндеген көлік тоқтатылды. Тексеру кезінде жүргізушіден алкогольдің өткір иісі мүңкіп тұрды. Сондай-ақ ер адамның көлік басқару құқығынан 2 жарым жылға айырылғаны анықталды», - делінген ақпаратта.

Құқық бұзушыдан қан алынып, химиялық сараптама тағайындалды. Аталған факті бойынша ҚР ҚК-нің 346-бабы 1-бөлігіне сәйкес сотқа дейінгі тергеу амалдары басталды.


Соңғы жаңалықтар