Риддерде кісі өлімімен аяқталған дәмханадағы төбелеске қатысушылар ұсталды

None
None
ӨСКЕМЕН. ҚазАқпарат - Риддердегі оқиғаның барлық қатысушылары анықталып, ұсталды, ҚР Қылмыстық кодексінің «адам өлтіру» және «бұзақылық» туралы баптары бойынша қылмыстық іс қозғалды, деп хабарлады ШҚО ІІД.

«2 мамыр күні түнгі сағат 4-те ішкі істер бөлімінің «102» нөміріне қалалық ауруханаға жараланған 23-25 жас аралығындағы 5 жергілікті тұрғын жеткізілгені туралы хабарлама келіп түсті. Кейін олардың бірі ауруханада көз жұмды. 24 жастағы ер адамның қайтыс болуына байланысты қылмыстық іс қозғалды», делінген хабарламада.

Полицейлердің айтуынша, қалалық дәмханалардың бірінде екі мейман дауласып қалған. Олардың жанжалына тағы бір қонақ қосылып, соңы дәмханадан тыс жерде төбелеске ұласқан. Онда күдіктінің бірі аңшылық мылтықпен адамдарға оқ атқан. Қазіргі кезде тәртіп сақшылары жанжалдың барлық қатысушыларын анықтап, ұстады. Олар - Риддер қаласының тұрғындары. Мылтықпен атқан 23 жастағы ер адам ұсталып, уақытша ұстау изоляторына қамалды. Оның есіміне тіркелген аңшылық мылтық тәркіленді. Бірқатар зерттеу сараптамасы тағайындалды, болған оқиғаның себеп-салдарын анықтау бойынша тергеу амалы жүріп жатыр.

Соңғы жаңалықтар