Қолданушы баптаулары
Қолданушы баптаулары
+7 (701) 759 90 19 Лента
Астана: 24 °С
Алматы: 27 °С
USD 342.49 EUR 400.85
RUB 5.51 CNY 51.33
Жаңалықтар

Риддерде қаруланған 3 жігіт жергілікті компанияны тонап кетті

2018 жылғы 17 сәуір 17:57 1061
Бөлісіңіз:
Риддерде қаруланған 3 жігіт жергілікті компанияны тонап кетті

ӨСКЕМЕН. ҚазАқпарат - Шығыс Қазақстан облысының Риддер қаласында жергілікті компаниялардың бірін қарумен тонамақ болғандар ұсталды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Ұқсас жаңалықтар
Адам өлтірген өзбекстандық Ақтөбе арқылы Ресейге өтпек болды Шымкентте 4 жігіт жергілікті тұрғынды қорқытып, 15 мың АҚШ долларын талап еткен

Оқиға 8 сәуірде болған. Түнгі сағат 00.40 шамасында бетперде киген 3 адам жергілікті ЖШС ғимаратына басып кірген. Сол сәтте тонау туралы дабыл қалалық ішкі істер бөліміне күзет агенттігінен түсіпті.

«Хабар түскен бойда Риддер қалалық ішкі істер бөлімінің жеке құрамы жұмысқа кірісті. Көп өтпей күдіктілер қолға түсті», - делінген облыстық ішкі  істер департаментінің баспасөз қызметі таратқан мәліметте.

Полиция қызметкерлері 36, 34 және 32 жастағы 3 күдіктіні уақытша қамауға алған. Оның екеуі бұрын да сотты болғаны анықталды.

Бұл оқиға бойынша Қылмыстық кодекстің 192-бабының 2-тармағы бойынша соталды тергеу басталды.


Фото: static1.squarespace.com

 

 


Бөлісіңіз:

Автор:

Есімжан Нақтыбай

Онлайн қызметкерлер
Редактор
Айдар Оспаналиев
Айдар Оспаналиев
954-059
Редактор
Жарылқасын Саягүл
Жарылқасын Саягүл
954-059
Мұрағат