Риддерде қар көшкіні өзен арнасын жауып қалды

None
Фото: ШҚО ТЖД баспасөз қызметі
ӨСКЕМЕН. ҚазАқпарат – Шығыс Қазақстан облысы Риддер қаласында қар көшкіні өзен арнасын жауып қалды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

ШҚО төтенше жағдайлар департаменті баспасөз қызметінің мәліметіне сүйенсек, «Риддер-Чекмар» тасжолының 41-шақырымында қар көшкіні жүріп, Белая Уба өзенінің арнасын жауып қалған.

Соған байланысты мұз кептелісі мен жақын маңдағы үйлерді су басуының алдын алу үшін жергілікті атқарушы органдар мен құтқарушылар жарылыс жұмыстарын жүргізді.

Өзендегі жарылыстан ұсақталған мұздың жалпы ауданы 4500 шаршы метрді құраған.

«Жалпы облыс бойынша мұз кептелу қаупі жоғары 16 учаске бар. Онда наурыз айының басынан бері мұзды ұсақтау үшін профилактикалық жарылыстар жасалуда. Нәтижесінде елді мекендерді су басу қаупі барынша азайтылып жатыр», - дейді облыстық ТЖД бастығының орынбасары Арман Тоқанов.


Соңғы жаңалықтар