Риддерде бөтеннің көлігін айдап кеткен ер адам ұсталды

None
None
ӨСКЕМЕН. ҚазАқпарат – Шығыс Қазақстан облысы Риддер қаласында бөтеннің көлігін айдап кеткен ер адам ұсталды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

ШҚО Полиция департаменті баспасөз қызметінің мәліметіне сүйенсек, тәртіп сақшыларына 44 жастағы жергілікті тұрғын жүгінген. Өз сөзінде ол белгісіз біреудің Гагарин даңғылындағы аулада тұрған «ВАЗ» маркалы көлігін айдап кеткенін жеткізді. Осылайша, жәбірленушіге 1 500 000 теңге мөлшерінде залал келтірілген.

«Дереу барлық жеке құрамға ақпарат беріліп, «Тосқауыл» жоспары жарияланды. Полиция қызметкерлері 30 минут ішінде күдіктіні қолға түсірген. Тергеу барысында ол өз кінәсін мойындады. Ұсталған азаматқа қатысты ешқайда кетпеу туралы қолхат түрінде бұлтартпау шарасы таңдалды», - деді облыстық ПД бастығының бірінші орынбасары Елдос Закимов.

Қазіргі уақытта аталған факті бойынша ҚР ҚК-нің 200-бабы 1-бөлігіне сәйкес сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде.


Соңғы жаңалықтар