USD 434.84 EUR 498.2
RUB 5.72 CNY 68.47
Jańalyqtar

Риддерде әйел зорлаған полиция қызметкеріне қатысты іс қозғалды

2021 жылғы 29 қараша 12:43
Бөлісіңіз:
Риддерде әйел зорлаған полиция қызметкеріне қатысты іс қозғалды

РИДДЕР. ҚазАқпарат – Риддер қаласында әйел зорлаған полиция қызметкеріне қатысты іс қозғалды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Ұқсас жаңалықтар
Қарулы қылмыскерлер қала көшелерінде бейберекет оқ жаудырды – Алматы полиция департаменті Елімізде полицияның әрекетіне қатысты қанша шағым келіп түсті СҚО-да колония аумағына бірнеше ұялы телефон кіргізбек болған көлік жүргізушісі ұсталды

Кешелі бері әлеуметтік желілерде Риддердегі уақытша ұстау изоляторы бастығының қол астындағы қызметкерді зорлағандығы жайлы ақпарат тарап кетті. ШҚО Полиция департаментінің баспасөз қызметі осыған қатысты түсінік берді.

«Қазіргі уақытта аталған факті бойынша полиция қызметкеріне қатысты сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізуде. Ол ҚР ҚІЖК-нің 128-бабына сәйкес уақытша ұстау изоляторына қамауға алынған. Қылмыстық іс бойынша өзге ақпарат ҚПК-нің 201-бабына сәйкес жария етілмейді», - делінген ақпаратта.

Құқық қорғау органдарының беделін түсіретін теріс қылық жасағаны үшін тәртіп сақшысы жұмыстан шығарылған.

«Сондай-ақ оның тікелей басшылары және қалалық полиция басқармасының бастығы қызметінен босатылды. Бүгінде жеке құрам арасындағы заңдылық пен қызметтік тәртіп мәселелері ішкі істер органдарының қызметінде басым бағыттың бірі болып отыр. Өз қатарымызды тәртіп бұзушы қызметкерлерден тазарту үшін белсенді жұмыс істеп жатырмыз», - деді департамент бастығы Сағат Мәдиев.


Біздің каналымызға жазылыңыз:

Бөлісіңіз:

Автор:

Талғатжан Мұхаметбекұлы

Ұқсас жаңалықтар
Сондай-ақ... оқыңыз
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Ербол Жанат
Ербол Жанат
954-059

MURAǴAT