+7 (701) 759 90 19
USD 424.99 EUR 504.21
RUB 5.81 CNY 65.66
Jańalyqtar

Риддерде әбден қалжыраған өрт сөндірушілердің видеосы көпшілікті елжіретті

2021 жылғы 12 мамыр 18:44
Бөлісіңіз:
Риддерде әбден қалжыраған өрт сөндірушілердің видеосы көпшілікті елжіретті

ӨСКЕМЕН. ҚазАқпарат – Шығыс Қазақстан облысы Риддер орман шаруашылығында шыққан тілсіз жаумен 2 күн бойы күрескен өрт сөндірушілердің видеосы жұрттың жүрегін елжіретті, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Ұқсас жаңалықтар
Қостанай облысындағы «Қара бүркіт» колониясының жанында өрт шықты Түркияда өртенген үйлердің барлығы қайта салынады Түркияның өрттен зардап шеккен өңірлері апат аймақтары деп жарияланды

Әлеуметтік желілерде қызыл жалынмен 2 күн бойы дамылсыз арпалысқан өрт сөндірушілердің әбден қалжырып, ұйқыға бас қойған видеосы жарияланды.


Желі қолданушылары маңдай тер мен бірлескен күш-жігердің арқасында өртті жеңген құтқарушыларға ризашылықтарын білдіруде.

Аталмыш видеода расыменде Риддер орман шаруашылығындағы алапат жалынмен күрескен өрт сөндірушілер екендігін Шығыс Қазақстан облыстық Төтенше жағдайлар департаменті растап отыр.

«Видеода тілсіз жауды ауыздықтап болғаннан кейін тынығып жатқан №14 өрт сөндіру бөлімшесі бастығының орынбасары, азаматтық қорғаныс аға лейтенанты Ұлан Нұрмұхамбет, жасақ командирлері Ринат Сағидулдинов, Хафиз Сағиев, Нұрлан Жадалинов және өрт сөндірушілер Дидар Сарсеков, Алмас Тұрсынғалиев, Кағыбат Сіләмбек», - деп хабарлады ведомство өкілдері.

300 гектарға жуық аумақты шарпыған өртті өшіруге Риддер қаласының мамандандырылған өрт сөндіру бөлімі, №14 өрт сөндіру бөлімі, Өскемен қаласының №4, 6, 7,8,9 өрт сөндіру бөлімдері мен мамандандырылған және жедел құтқару жасақтары, Черемшанка ауылындағы №43 өрт сөндіру бекеті, Шемонаиха қаласындағы №28 өрт сөндіру бөлімі, Белоусовка кентіндегі №24 өрт сөндіру бөлімі, «Қазавиаорманқорғау», Кәсіби әскерилендірілген апаттық құтқару қызметі, Риддер және Глубокое орман шаруашылықтары, Әскерилендірілген құтқарушы бөлім, Риддер қалалық «Водоканал» мекемесі және «Қазцинк» тау-кен байыту кешенінің қызметкерлері жұмылдырылған.

Естеріңізге сала кетсек, 10 мамырда Шығыс Қазақстандағы Риддер орман шаруашылығында алапат өрт шыққан. Өрттен 1 адам қаза тауып, екеуі жарақат алған. Мемлекет басшысы Үкімет пен Шығыс Қазақстан облысының әкімдігі тілсіз жаудан зардап шеккен Лесхоз кентінің тұрғындарына көмек көрсетіп, баспанамен қамтамасыз етуді тапсырды. Бүгін сағат 18.20 өрт ауыздықталды.


Біздің каналымызға жазылыңыз:

Бөлісіңіз:

Автор:

Талғатжан Мұхаметбекұлы

Ұқсас жаңалықтар
Сондай-ақ... оқыңыз
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Жанибек Амангелди
Жанибек Амангелди
954-059
REDAKTOR
Жанат Қапалбаева
Жанат Қапалбаева
954-059

MURAǴAT