USD 434.84 EUR 498.2
RUB 5.72 CNY 68.47
Jańalyqtar

Риддерде 70-тен асқан зейнеткер дүкенде есірткі сақтаған

2021 жылғы 21 қазан 07:20
Бөлісіңіз:
Риддерде 70-тен асқан зейнеткер дүкенде есірткі сақтаған

РИДДЕР. ҚазАқпарат – Шығыс Қазақстан облысы Риддер қаласында 73 жастағы зейнеткер дүкенде есірткі сақтаған, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Ұқсас жаңалықтар
ШҚО-да жасанды жолмен қар түсірілді Елордада есірткі арнасы жойылды Қызылордада түрмедегі сотталушыға келген дөнердің ішінен марихуана табылды

ШҚО Полиция департаменті Есірткі қылмысына қарсы күрес басқармасының қызметкерлеріне Риддер қаласы тұрғынының есірткі сақтағаны туралы хабар келіп түсті. Жедел уәкілдер ақпаратты тексеруге кіріскен.

Тінту жүргізу барысында 73 жастағы зейнеткерге тиесілі дүкеннен кептірілген көкнәр сабағы табылды. Сараптама қорытындысына сәйкес, есірткінің жалпы салмағы 30 грамнан асады.

«Аталған факті бойынша ҚР Қылмыстық Кодексінің 296-бабы 2-бөлігіне сәйкес (есірткі заттарымен заңсыз жұмыс істеу) сотқа дейінгі тергеу амалдары басталды. Есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл ІІМ-нің басым міндеттерінің бірі. Осы бағыттағы жұмыс үздіксіз жүргізілуде», - деді облыстық ПД бастығының орынбасары Талғат Шаяхметов.


Біздің каналымызға жазылыңыз:

Бөлісіңіз:

Автор:

Талғатжан Мұхаметбекұлы

Ұқсас жаңалықтар
Сондай-ақ... оқыңыз
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
ONLAIN QYZMETKERLER

MURAǴAT