Риддерде 10-нан астам көшенің атауы өзгертілмек

None
ӨСКЕМЕН. ҚазАқпарат –Шығыс Қазақстан облысы Риддер қаласында 10-нан астам көшенің атауы өзгертілмек, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Риддердегі 12 көше мен бір шағын аудан атауы ауыстырылады. Бұл туралы қалалық мәслихаттан мәлім етті.

«Ботаника шағын ауданына «Тәуелсіздіктің 30 жылдығы» атауы беріледі. Ал көшелерге қатысты айтар болсақ, Щорс - Егізбаевтар, Урицкий - Авдейчик, Клара Цеткин - Бейбітшілік, Чапаев - Үсенов, Энгельс - Есенберлин, Большевик - Гребенюк, Герцен - Кентай, Комсомол – Селифонов, Киров – Сәтбаев, Пролетарская – Кеншілер, Свердлов – Әлихан Бөкейхан, Ушанов – Желтоқсан деп өзгертіледі», - делінген ақпаратта.

Енді осыған орай қалада 6 шілде күні жұртшылықтың қатысуымен қоғамдық тыңдау өткізіледі.


Соңғы жаңалықтар