Риддер жылу орталығындағы жөндеу жұмыстары күн сайын үш ауысыммен үздіксіз жүргізілмек

None
ӨСКЕМЕН. ҚазАқпарат – Шығыс Қазақстан облысы Риддер қаласындағы жылу электр орталығындағы жөндеу жұмыстары күн сайын үш ауысыммен үздіксіз жүргізіледі, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

ШҚО әкімі Даниал Ахметов Риддер жылу электр орталығын күрделі жөндеумен айналысатын мердігер ұйымдардың басшыларымен кездесті. Кездесу барысында ЖЭО-ның жағдайы жақсарып, келесі жылыту маусымында ақау шықпас үшін атқарылатын жұмыстар жайлы сөз етілді.

«Әрбір қазандық агрегаты, турбина, техникалық торап жөнделеді. Барлық жұмыстар 15 қыркүйекке дейін аяқталуы тиіс. Тек жабдықтарды жөндеу ғана емес, шатырды жабу, кранды қалпына келтіру және адамдардың қолайлы әрі қалыпты жұмыс жағдайлары болуы үшін желдету жүйесін жөндеу қажет. Әр қондырғы бойынша атқарылатын жұмыстардың тізімі, көлемі және олардың орындалуын бақылауға мүмкіндік беретін нақты кесте жасалады. Жұмыс күн сайын үш ауысымда демалыссыз жүргізіледі», - деді әкім.

Жылу электр орталығын тексерген ұйым қазірдің өзінде 25 олқылықты анықтаған. Қазір соларды ретке келтіру жұмыстары басталды.

Соңғы жаңалықтар