Риддер жылу орталығында тағы өрт шыққаны рас па – қала әкімі жауап берді

None
РИДДЕР. ҚазАқпарат – Шығыс Қазақстан облысы Риддер қаласындағы жылу электр орталығында тағы да өрт шыққаны жайлы ақпаратты шаһар әкімі Дмитрий Горьковой теріске шығарды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

21 наурызда Риддердегі жылу электр орталығында тағы да оқыс жағдай болған еді. Екі қазандықта өрт шығып, үйлерде жылу температурасы азайған.

Сол күні қызыл жалын ауыздықталып, жылу электр орталығында жылыту маусымы аяқталғанға дейін өрт сөндірушілер кезекшілік ететіні хабарланды.

Алайда 23 наурызда әлеуметтік желіде Риддер ЖЭО-дан қою қара түтін шығып жатқан видео жарияланды.

Бұдан ел арасында орталық тағы да өртеніп жатыр деген сөз тарап кетті.

Осыған орай қала әкімі Дмитрий Горьковой ресми мәлімдеме жасады.

«Риддер ЖЭО-да қара түтіннің пайда болуы шаңның жиналуынан болатын шығарындыларға байланысты. Қала тұрғындарына алаңдауға еш негіз жоқ. Мамандардың айтуынша, технологиялық процесс бұзылмаған», - дейді ол.

Әкімнің айтуынша, шаң таңертең жанар-жағармай трактында шыққан.

«Жылу электр орталығында екі қазандық қалыпты режимде жұмыс істеп тұр, біреуі жөнделуде, тағы екеуі жөндеуге шығарылды. Жылу беру температурасы қазір 45 градусты көрсетіп тұр, ал Риддерде ауа температурасы -6 градус», - дейді Дмитрий Горьковой.

Посмотреть эту публикацию в Instagram

Публикация от Риддер вчера, сегодня, завтра! (@riddervsegda)

Соңғы жаңалықтар