Риддер жылу орталығы күрделі жөндеуден өтеді

None
АСТАНА. ҚазАқпарат – ШҚО әкімі Даниал Ахметов Риддердегі жылу электр орталығының қазіргі жағдайы туралы айтып берді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Риддердегі жылу электр орталығында төтенше жағдай болып, өрт шықты. Жұмыс тәулік бойы жүріп жатыр, 180 метр көмір беру конвейері қайта қалпына келтіріледі. Ертең алғашқы желі жұмыс істей бастайды. Жылу стансасы көмірге арналған, тығырықтан шығу жолында мазутты отын ретінде беруге мәжбүр болдық. Қиындықтар туындады. Күн сайын 100-ден астам адам 240 тонна көмір жеткізді. Амал жоқтан қолмен тасуға тура келді», - деді Даниал Ахметов Үкімет кулуарында БАҚ өкілдерінің сауалына жауап бере отырып.

Облыс басшысының ақпараты бойынша, Риддер жылу орталығын күрделі жөндеуден өткізуге 7 млрд теңге қаралып отыр.

Еске салсақ, өткен жылдың соңында Риддердегі жылу қазандығынан ақау шығып, қалада төтенше жағдай жарияланды.

Сондай-ақ биылғы 4 қаңтарда Риддер жылу электр орталығындағы стансада тағы да апат болды.

Одан бөлек, 19 қаңтарда аталған орталықтан өрт шыққан еді.


Соңғы жаңалықтар