Риддер ЖЭО-дағы өрт: Жылыту маусымы аяқталғанға дейін орталықта өрт сөндірушілер кезекшілік етеді

Фото:
ӨСКЕМЕН. ҚазАқпарат – Шығыс Қазақстан облысы Риддер қаласындағы жылу электр орталығында жылыту маусымы аяқталғанға дейін өрт сөндірушілер кезекшілік етеді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Бүгін Риддердегі жылу электр орталығында тағы да оқыс жағдай болды. Екі қазандықта өрт шығып, үйлерде жылу температурасы азайған.

Қазіргі уақытта өрт сөндіріліп, қалыпқа келтіру жұмыстары жүргізіліп жатыр.

«Жылыту маусымын апатсыз аяқтау үшін қолдан келгеннің бәрі жасалады. Облыс әкімінің өкімі бойынша бүгіннен бастап жылу электр орталығында өрт сөндіру машиналары, төтенше жағдайлар бөлімінің қызметкерлері, Риддер қаласы әкімінің орынбасары және салалық бейінді ведомстволардың өкілдері кезекшілік етеді», - деп хабарлады ШҚО әкімдігі.

Соңғы жаңалықтар