Риддер тұрғыны үйінің ас бөлмесін есірткі қоймасына айналдырған

None
None
ӨСКЕМЕН. ҚазАқпарат – Шығыс Қазақстан облысы Риддер қаласының тұрғыны үйінің ас бөлмесін есірткі қоймасына айналдырған, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

ШҚО полиция департаменті баспасөз қызметінің мәліметіне сүйенсек, тәртіп сақшылары есірткі сақтады деген күдікпен Риддер қаласының 28 жастағы тұрғынын ұстады.

Оның пәтерін тінту кезінде ас бөлмеден ақ түсті өткір иісті ұнтақ салынған полимерлі пакет, қоңыр-жасыл түсті өсімдік тектес зат бар қорап, электронды таразы және қоңыр ұнтақ салынған пакет табылды.

«Сараптама қорытындысына сәйкес, тәркіленген заттардың ішінде салмағы 2,4 грамм психотроптық зат, 16 грамм меткатинон тектес психотроптық зат анықталды. Сондай-ақ картон қораптағы салмағы 3,05 грамм болатын өсімдіктің кептірілген марихуана екені белгілі болды. Ал пластик қораптағы салмағы 6,10 граммды құрайтын зат – «каннабис шайыры» атты есірткі», - делінген ақпаратта.

Күдіктіге қатысты ешқайда кетпеу туралы қолхат түріндегі бұлтартпау шарасы таңдалды.

ҚР Қылмыстық кодексінің 296 бабы 4 бөлігіне сәйкес қылмыстық іс қозғалды.


Соңғы жаңалықтар