+7 (701) 759 90 19
USD 428.71 EUR 519.12
RUB 5.79 CNY 66.61
Jańalyqtar

Риддер көшелерін су басты

2018 жылғы 2 ақпан 18:19
Бөлісіңіз:
Риддер көшелерін су басты

ӨСКЕМЕН. ҚазАқпарат - Шығыс Қазақстанда қызыл су елді мекендердің мазасын қашыруда, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Өткен аптада Глубокое ауданының екі ауылына Ертістің суы жайылса, осы аптада Риддер қаласында бастаудың суы көшені басып қалды.

Қар қалың жауған жылдары бар-жоғы білінбей жататын бұлақтар биылғы қыста жұрттың мазасын алуда. Жұқа қар мен аяз шағын бастаудың арнасына мұз кептеп, Риддер қаласының шеткі ауданына елді мекендерге қызыл су жайылды. Заводская көшесіндегі жер үйдің ауласына жайылған мұз бірнеше күннің ішінде бір метрлік тоңға айналған. Тұрғындар күн күрт жылынған жағдайда маңайдағы бес үйге су жайылу қаупі төнеді деп отыр. Мұз құрсауында қалған Валентина Шакернязованың ауласын еріктілер жасағы мен төтенше жағдай қызметкерлері аршуда.

«Күн сайын мұз қалыңдап жатыр. Есік алды мұз айдыннан аумай қалды», - дейді үй иесі.

Қазір қызыл судың беті қайтқан. Ал жолды алып қалған мұз төтенше жағдай қызметкерлерінің жұмыстарына қиыншылық тудыруда. Әзірге жолдың мұз басқан бөлігіне күл себуден басқа амал таппай отыр.

«Водоканал» мекемесі Заводская көшесінің тұрғындарына көмек ретінде су таситын көлік жіберіпті. Сонымен қайнаған су тасып, бұлақтың мұз кептелген бөлігін еріткен. Бірақ түннің суығында су қайта көтеріліп, аулаға жайылумен болған

«Ақыры бастаудың арнасын трактордың көмегімен жырып шықтық. Содан кейін ғана су арнасымен аға бастады. Дегенмен, қалың мұздың бәрін ойып алу мүмкін емес. Күн сәл жылынған кезде техника жіберіп, сыртқа тасып тастаймыз», - дейді қалалық әкімдіктің бас маманы Аслан Мұханов.

Еске сала кетейік, Ертістен шыққан қызыл су Глубокое ауданының екі ауылына жайылғанын бұған дейін жазған болатынбыз.

Біздің каналымызға жазылыңыз:

Бөлісіңіз:

Автор:

Есімжан Нақтыбай

Сондай-ақ... оқыңыз
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Кожакелдиев Е.
Кожакелдиев Е.
954-059
REDAKTOR
Жанибек Амангелди
Жанибек Амангелди
954-059
REDAKTOR
Жанат Қапалбаева
Жанат Қапалбаева
954-059

MURAǴAT