Риддер қаласында екі жұмысшы өртеніп жатқан үйден үш баланы құтқарды

None
None
ӨСКЕМЕН. ҚазАқпарат - Риддерде болған өрт кезінде үш баланың өмірі құтқарылды. Жақын жерде өтіп бара жатқан екі ер адам көмек туралы айқайды естіп, балаларға үйден терезе арқылы шығып кетулеріне көмектесті. 8 жасар қыз баланың айтуынша, олар үйден өздері шыға алмас еді.

Өрт таңертеңгі уақытта, әкесі жұмысқа кеткенде, ал анасы түнгі ауысымнан үйіне оралуы тиіс кезде орын алған, деп хабарлады ТЖ департаментінен.

Үлкен қызының қарауында төрт жасар інісі мен екі жасар сіңілісі қалды. Көп ұзамай қыз бала ыстың иісін сезінді. Дәліздің есігін ашқан ол қалың түтінді көрді. Қорыққан қыз бала есікті жауып, бауырларын бөлмеге кіргізіп алды. Терезені ашпақ болды, бірақ аша алмайды. Сонда балалар бар дауыстарымен көмекке шақыра бастаған. Абырой болғанда, жақын жерде екі жұмысшы жүрген. Сәл болмағанда олар базаға жұмыстарына кетіп қалар еді. Терезенің алдында тұрып, бар дауыстарымен айқайлаған балаларды көрген олар көмекке асықты. Балаларды шығару үшін терезені сындыруға тура келді. Өрт сөндірушілер келген кезде, тілсіз жау кең аумаққа таралып кетті, алдын ала мәліметтер бойынша, ол 54 шаршы метр ауданды шарпыды. Үй шатырының ағаш құрылысы, қабырғалары, терезесі мен есіктері, едені өртенген. Өрттің шығуының себебі ретінде электр сымының апатты жұмыс жасауы нұсқасы қарастырылып отыр. Балалар зардап шеккен жоқ. Өрт толық сөндірілді.

Соңғы жаңалықтар