Риддер әкімінің орынбасары қаққан жігіттің әкесіне шабуыл жасағандар іздестірілуде

None
None
ӨСКЕМЕН. ҚазАқпарат - Жол-көлік оқиғасынан қаза тапқан 18 жастағы Евгений Смольниковтің әкесіне шабуыл жасаған адамдар әлі табылмады. Бұл туралы Риддер полициясы мәлім етті, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Маусымның 22-інен 23-іне қараған түні Риддер қаласының Ішкі істер бөліміне ауруханадан жарақаттанған адам туралы хабар түсті. Жағдайды анықтау кезінде Смольников В.П. Риддер қаласындағы Белинский көшесінің бойында орналасқан үйдің кіре берісінде белгісіз біреулер оған шабуыл жасағанын айтып, арыз жазды», - делінген ШҚО Ішкі істер департаментінің баспасөз қызметінің ресми хабарламасында.

«Аталмыш оқиғаға қатысты ҚР ҚК-нің 293-бабы 1-бөлігі бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары басталды. Қажетті жедел-іздестіру және тергеу шаралары жүргізіліп жатыр», - деді полицейлер.

Еске салайық, Риддер қаласы әкімінің бұрынғы орынбасары Бауыржан Құрманбаев Виктор Смольниковтың ұлы Евгенийді көлікпен қағып кетіп, ол ажал құшқан болатын. Жақында өткен сот отырысында Виктор Смольников Құрманбаевты бас бостандығынан айырмауды сұрады. Қос тарапқа процессуалдық келісімге келу ұсынысы жасалды.

 

Соңғы жаңалықтар