Риддер әкімдігі газдың литрі 120 теңге тұратындығы жайлы ақпаратты жоққа шығарды

None
None
РИДДЕР. ҚазАқпарат - Әлеуметтік желілерде Риддер қаласында сұйытылған газдың бағасы литріне 120 теңгені құрайтыны туралы бейнеролик таратылуда. Риддер әкімдігінің баспасөз қызметі бұл ақпаратты жоққа шығарды, деп хабарлайды ҚазАқпарат StopFake.kz сайтына сілтеме жасап.

– 2022 жылғы 14 қаңтарда Риддерде жанармай құю бекетінде автогаздың құны литріне 120 теңгені құрайтыны туралы мессенджерлер мен әлеуметтік желілерде таратылған ақпарат шындыққа жанаспайды. Риддер қаласы Хлебный тұйық көшесі, 3 мекен жайы бойынша орналасқан АГҚС-да сұйытылған газ, 2022 жылғы 14 қаңтардағы жағдай бойынша, литріне 60 теңгеден сатылуда, – деп хабарлады ведомстводан.

Бұл ақпаратты Риддер қаласы газ шаруашылығының директоры Александр Федоров та растады.


Соңғы жаңалықтар