РФО төрешілер комитетінің басшысы Левников ҚФФ-та жұмыс жасайтын болады

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Ресей футбол одағы (РФО) төрешілер комитетінің төрағасы Николай Левников Қазақстанда екі жыл жұмыс жасайтын болады. Мұндай мәлімдемені РФО басшысы Виталий Мутко жасады, деп хабарлайды rsport.ru.

Бұл туралы Мутко сейсенбі күні Мәскеуде өткен РФО атқару комитетінің отырысынан соң баяндады. РФО басшысы Левниковтың орнына кімнің тағайындалатыны туралы айтпады.

«Левников Қазақстанға 2 жыл жұмыс жасау үшін кетеді. Біз оған сәттілік пен табыс тілейміз. РФО төрешілер комитетін кім басқаратынын көреміз», - деді Мутко журналистерге.

Еске сала кетейік, Левников 2008-2009 жылдары Қазақстан футбол федерациясының төрешілік және инспекторлық департаментін басқарған. 

Соңғы жаңалықтар