РФ-те апатқа ұшыраған ОҚО автобусы рейсті тапсырыс бойынша орындаған

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Ресей Федерациясының Владимир облысында апатқа ұшыраған автобус тұрақты емес рейстерді орындап жүрді. Бұл туралы ҚР Инвестициялар және даму министрлігі баспасөз қызметі мәлім етті, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Ведомство мәліметіне қарағанда, автобус 1990 жылы шыққан.  Мерседес маркалы бұл көліктің мемлекеттік нөмірі 668UОA13, жолаушыларға арналған 54 орны бар.

«Автобустың иесі ретінде 1986 жылы туған Досжан Оразгелдиев тіркелген. Мекенжайы: ОҚО, Сарыағаш ауданы, Дербісек ауылы. Ал осы жолаушылар көлігінің жүргізушілері 1970 жылғы Данияр Шілдебаев және 1977 жылы туған Нұрғали Сарманов болған. Олар Ресейге 2017 жылдың 29 қыркүйегі күні «Жайсаң» шекарасы арқылы өткен. Тұрақты емес рейстерді жүзеге асырады. Осы жолғы рейсті тапсырыс бойынша орындаған», - делінген министрлік хабарламасында.

Айта кетейік, Ресей Федерациясының Владимир облысында Қазақстаннан шыққан автобус жол апатына ұшырағаны туралы бұған дейін хабарлаған едік. Владимир облыстық ТЖМ-нің мәліметтеріне сүйенсек, апатқа ұшыраған автобуста 55 Өзбекстан азаматы және 2 жүргізушісі қазақстандық болған. 

Фото:МЧС России

Соңғы жаңалықтар