РФ премьері ЕАЭО елдеріне цифрлық технология саласында бірқатар ұсыныс айтты

None
None
АЛМАТЫ. ҚазАқпарат – РФ Үкіметінің төрағасы Михаил Мишустин Ресей Федерациясының ЕАЭО елдерімен цифрлық технология саласындағы тәжірибесімен бөлісуге әзір екендігін айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Әріптестер, Ресей цифрлық технология саласының көшбасшысы ретінде ЕАЭО бойынша әріптес елдермен озық тәжірибемізбен бөлісуге дайын екендігін айтқым келеді. Бізде осы салада ортақ күн тәртібі болуы керек. Өйткені цифрлық технологиялар ғаламдық бәсекенің маңызды элементіне айналды. Біз бұл бәсекеге төтеп беру түгілі жеңіп шығуымыз керек», - деді Михаил Мишустин Алматыда өтіп жатқан «Жаһандық экономиканың цифрлық болашағы» форумында.

РФ өкілі Одақтың 4 бостандығы: жұмыс күшінің қозғалысы, қаражат қозғалысы, товарлар мен қызметтер қозғалысы ортақ цифрлық платформада тоғысуы тиіс екендігін айтты.

Қазір ЕАЭО елдері жұмыспен қамту жүйесінің унификациясы, цифрлық көліктік дәліздердің экожүйесін, тауарлардың маркерленуінің жүйесі, кеден салық банк мәселелері бойынша ақпарат алмасу мәселелерін талқылауда.

«Цифрландыру ғаламдық бәсекелестіктің негізгі кілтіне айналды. Бұл біздің елдеріміздің алдында адамдардың өмірі мен бизнес жүргізуін жеңілдетуге амбициозды тапсырмаларды қоюды міндеттейді.

«Біріншіден, біздің Одақта цифрлық біріздендіру жүйесін қалыптастыру керек. Әрине, бұл орайда Одақ шеңберінде электронды цифрлық қолтаңба енгізу мәселесі де күнтәртібіне шығады. Екіншіден, кез келген ақпараттық жүйенің басты элементі - мәліметтердің қорғанысы. Барлық электронды құжат айналымы сенімді әмбебап мемлекетаралық ортада айналуы керек. Әйтпесе біз бір-бірімізді танудан қаламыз. Бұл дезинтеграция қаупін тудырады», - деді ол.

РФ премьері үшінші пункт ретінде тауарлар мен қызметтердің Одақ шеңберінде қозғалысын көруді цифрландыруды атады.

Сонымен қатар, оның айтуынша, цифрлық технологияларды дамытуға барлық технологиялық ресустар мен мүмкіндіктердің инвентаризациясын жүргізу абзал. Ортақ құзырлы және цифрлық технологиялар саласындағы стартаптарды қолдайтын орталық ашу керек.

Айта кету керек, Алматыда «Жаһандық экономиканың цифрлық болашағы» форумы өтіп жатыр.

Бұл шараға Армения, Беларусь, Қазақстан, Қырғыз Республикасы, Ресей Федерациясының, Молдова үкіметінің басшылары мен премьер-министрлері қатысып жатыр.

Маңызды кездесуде күн тәртібіне 12 мәселе қойылған.


Соңғы жаңалықтар