РФ Мемлекеттік думасы зейнет жасын көтеруді бірінші оқылымда мақұлдады

None
None
МӘСКЕУ. ҚазАқпарат - Ресей Федерациясының Мемлекеттік думасында зейнетақы жүйесін өзгертуге қатысты Үкімет дайындаған заң жобасы бірінші оқылымнан өтті, деп хабарлайды ТАСС.

Заң жобасы ерлердің зейнетке шығу жасын 2028 жылға қарай 65 жасқа, әйелдер үшін 2034 жылға қарай 63 жасқа көтеруді көздейді. Қазіргі кезде Ресейде ерлер 60 жаста, әйелдер 55 жаста зейнетке шығады.

РФ Үкіметінің ұсынысына сәйкес, Ресейде зейнет жасының ұзартылуы 2019 жылдан бастап кезең-кезеңмен іске асырылады. Өзгерістердің қазіргі зейнеткерлерге (шамамен 46,5 млн адам) қатысы болмайды. Олар бұрын белгіленген зейнетақылары мен әлеуметтік жәрдемақыларын еш өзгеріссіз ала береді.

 

Соңғы жаңалықтар