РФ мәдениет министрлігі мен ТҮРКІСОЙ арасында ортақ келісім туралы меморандумға қол қойылды

None
None
ЫСТАМБҰЛ. 10 ақпан. ҚазАқпарат /Ирина Дынникова/ - Мәскеуде Ресей Федерациясы мәдениет министрлігі мен Халықаралық Түркі мәдениеті ұйымы - ТҮРКІСОЙ өнер және мәдениет салаларындағы ынтымақтастықты тереңдету мақсатында ортақ келісім туралы меморандумға қол қойды.

Меморандумға ТҮРКІСОЙ Бас хатшысы Дүйсен Қасейінов пен Ресей Федерациясы Мәдениет министрінің көмекшісі Андрей Бусыгин қол қойды.       

1993 жылы құрылған ТҮРКІСОЙ-дың бақылаушы елдері Алтай, Башқұртстан, Саха (Якут), Татарстан, Тыва және Хакас  секілді Ресей Федерациясының құрамындағы автономиялық республикалар екені белгілі.

Тараптар, Ресей Федерациясының, құрамында түркі халықтары да бар көпұлтты мемлекет екенін, Ресей Федерациясы Мәдениет министрлігінің мәдениет, өнер, тарихи-мәдени мұралар, кинематография, мұрағат ісі, авторлық құқық салаларындағы мемлекеттік саясатын қалыптастырып жатқанын, мәдени диалогтың халықтардың бірігуіне өз септігін тигізетінін ескере отырып, сондай-ақ мәдени және тарихи ескерткіштерді қорғау, дамыту және оларды келешек ұрпаққа жеткізудің қаншалықты маңызды екенін біліп, ынтымақтастықты арттыру үшін өзара іс-қимылдарға байланысты ынтымақтастық хаттамаға қол қойды.

Аталған меморандум аясында тараптар, музыка, театр, кітапхана және мұражай ісі, мәдени мұра, би, сурет, цирк өнері, кино, ұлттық кәсіп және тағы да басқа шығармашылық салаларында ортақ бағдарламалар мен іс-шаралар өткізбек.

Cондай-ақ екі жақтың да қызығушылығын туғызған, дәстүрлі білім мен фольклорды қорғау және оларды қоғамның мүддесі үшін қолдану мәселесінде ынтымақтастықты дамытпақ, сонымен қатар аталмыш салада консультациялар өткізбек.  

Соңғы жаңалықтар