РФ Қорғаныс министрлігінің ұшағында болған журналистердің аты-жөндері жарияланды

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Ресейдің Бірінші арнасы Сочи маңында құлаған РФ Қорғаныс министрлігінің Ту-154 ұшағында үш журналисі болғандығын растады. Бұл туралы РИА Новости баспасөз қызметіне сілтеме жасап хабарлайды.

«Тілші Дмитрий Рунков, оператор Вадим Денисов және дыбыс операторы Александр Сойдов ұшақтың бортында болған», - деп айтты баспасөз қызметі.

Дереккөз бұрын хабарлағандай, Сочиде жоғалған Ту-154 ұшағының бортында Бірінші арна мен «Звезда» телеарнасының журналистері болған. Ұшақ апатына байланысты қылмыстық іс қозғалды. 

Одан бөлек бортта «Звезда» телеарнасының тілшісі Павел Обухов, операторы Александр Суранов, оператордың көмекшісі Валерий Ржевский болған.

Соңғы жаңалықтар