РФ Қорғаныс министрлігінің ұшағы Қара теңізге құлаған

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - РФ Қорғаныс министрлігінің Сочи маңында жоғалған Ту-154 ұшағы Қара теңізге теңіз жағасынан 1,5 шақырым қашықтыққа құлаған, сынықтары табылды, деп хабарлайды РИА Новости қарулы күштер дереккөзіне сілтеме жасап.

«Ұшақ Қара теңізге теңіз жағасынан 1,5 шақырым қашықтыққа құлаған, сынықтары табылды», - деп мәлімдеген агенттіктің дереккөзі. 

Әуе кемесінің қалдықтарын Сочи жағасынан 1,5 шақырым қашықтықта 50-70 метр тереңдіктен тапты, деп хабарлады Ресей қорғаныс министрлігінің баспасөз қызметі.

Жағадан бес жарым қашықтықта апатқа ұшыраған адамдарға тиесілі жеке заттар табылды.

Апаттан кейін ұшу ережелерінің сақталмауы бойынша қылмыстық іс қозғалды.

Бұрын мәлім болғандай, Ту-154 Адлер аэродромынан ұшып шыққан соң радардан жоғалып кеткен. Бортта 83 жолаушы, соның ішінде Александров атындағы ансамбль әртістері мен ресейлік БАҚ-тың тоғыз өкілі және экипаждың 8 мүшесі болған.

Соңғы жаңалықтар