+7 (701) 759 90 19
USD 388.07 EUR 427.54
RUB 6.08 CNY 55.36
Jańalyqtar

РФ композиторы Игорь Крутой Ержан Максимді өз академиясына оқуға шақырды

2019 жылғы 15 мамыр 09:46
Бөлісіңіз:
РФ композиторы Игорь Крутой Ержан Максимді өз академиясына оқуға шақырды

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Ресейдің халық әртісі, композитор әрі продюсер Игорь Крутой қазақстандық жас әнші Ержан Максимге өзінің музыкалық академиясына оқуға түсіп, білімін шыңдауды ұсынды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Бұл жайлы жас әнші Instagram-дағы өз парақшасында жазды.

«Достар, Мәскеуге жасаған сапарым сәтті болды. Неге дейсіз ғой. Мен ең алдымен, еліміздің аптал азаматы Иманғали Нұрғалиұлымен кездестім. Сол кездесуіміздің нәтижесі ретінде көптен бері армандап жүрген атақты композитор, продюсер Игорь Крутоймен таныстым. Студияда тыңдаған маэстро мені ұнатып, өзінің музыкалық академиясына шақырды. Мен қуана келістім. Енді, достар, күзден бастап сол жерде вокал бағыты бойынша өнерімді шыңдайтын боламын. Әрине, мұның барлығы Иманғали ағамыздың арқасы деп білемін. Осындай азаматтардың арқасында шығармашылығым жалғасып, жемісін беретініне сенімім мол», - деп жазды Ержан.

Еске сала кетсек, кеше Мәскеуде Ресей Федерациясындағы Қазақстан Республикасының Төтенше және Өкілетті елшісі Иманғали Тасмағамбетов жас әнші Ержан Максиммен кездескен болатын. Дипломатиялық өкілдіктен хабарлағандай, Ресейдегі Қазақстан елшілігінде өткен кездесу барысында қазақстандық жас әншінің шығармашылық жоспары талқыланды. Ержан «Голос. Дети» жобасына қатысқаннан кейін өмірінде қандай өзгеріс болғанын және алдағы уақытта немен айналысуды жоспарлап жүргенін айтты.

Еске сала кетсек, өткен айда Ресейдің бірінші арнасындағы «Голос. Дети» конкурсында Ержан Максим екінші орын иеленген болатын.

Әншінің анасы Гүлмира Әлібек оның елордада білім алғысы келетінін айтқан еді. «Министр қабылдау кезінде Ержанға «Шабыт» өнер академиясы жанынан грант бөлінетіндігін жеткізді. Енді 8 мамырда Қазақ ұлттық өнер университетінің ректоры Айман Мұсақожаеваның қабылдауында болып, мәселені одан әрі талқылаймыз», - деген еді Гүлмира Әлібек.

Игорь Крутой бұған дейін Димаш Құдайбергенмен тандемде өнер көрсетіп, қос елдің мақтанышы Ресей аудиториясын баурап алған болатын. Крутойдың сүйемелдеуімен Димаш «Любовь уставщих лебедей» әнін Мәскеудегі Кремль сарайында Ресей Федерациясының Ішкі істер органдарының қызметкерлері күніне арналған концертте шырқаған еді. Ал 8 сәуір күні жас талант Ресейдің Халық әртісі, әнші Алла Пугачеваның мерекелік кешінде ән айтты.

Біздің каналымызға жазылыңыз:

Басты сөздер: Дипломатия, Өнер, Қоғам, Ресей,
Бөлісіңіз:

Автор:

Аян Бекенұлы

Загрузка...
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
Сондай-ақ... оқыңыз
Загрузка...
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Бакытжан Ербасов
Бакытжан Ербасов
954-059
REDAKTOR
Ербол Жанат
Ербол Жанат
954-059
REDAKTOR
Айдар Оспаналиев
Айдар Оспаналиев
954-059

MURAǴAT