РФ Әуе-ғарыш күштерінің жойғышы Жерорта теңізінде апатқа ұшырады

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - РФ Әуе-ғарыш күштерінің жойғышы Жерорта теңізінде апатқа ұшырады. Апат салдарынан екі ұшқыш та қаза тапты. Бұл туралы журналистерге бейсенбі күні РФ Қорғаныс министрлігі мәлім етті, деп хабарлайды ТАСС.

Ведомствода нақтылағандай, «апат 3 мамыр күні Мәскеу уақытымен 09:45-те Хмеймим әуе айлағынан ұшқаннан кейін биіктікке көтеріліп жатқан кезде» болған. Қорғаныс министрлігі екі ұшқыштың  ұшақ үшін «соңғы минуттарға дейін» күрескенін атап өтті.

Алдын ала нұсқа бойынша, апат жойғыштың қозғалтқышына құс кіріп кетуі салдарынан болуы мүмкін.

Фото: Сергей Бобылев/ТАСС, архив

Соңғы жаңалықтар