Режиссер Әділхан Ержановтың фильмдері Шанхайдағы кинофестивальде көрсетілмек

None
None
БЕЙЖІҢ. ҚазАқпарат – Режиссер Әділхан Ержановтың «Ұлболсын» және «Сары мысық» деген екі көркем фильмі Шанхайда өтетін халықаралық кинофестивальде көрсетіледі, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Қытайдағы «А» санатындағы жалғыз кинематографиялық шара кезекті, 24-ші Шанхай халықаралық кинофестивалі (SIFF) қытайлық мегаполисте 11-20 маусым аралығында өтеді.

Ұйымдастырушылардың айтуынша, «Алтын кубокты» табыстау салтанаты (Golden Goblet Awards) 19 маусымда өтпек. «Алтын кубок» негізгі байқау бағдарламасы толық және қысқа метражды фильмдерді, анимациялық кино мен документалды жұмыстарды қамтиды.

Өткен жылы фестивальге 180 ел мен өңірден 3 693 фильм тіркелген. COVID-19 пандемиясына байланысты өткен жылғы Шанхайдағы кинофестивальдің бағдарламасы қысқартылып, байқау бағдарламасындағы марапаттар табысталмады.

Шанхай халықаралық кинофестивалі 1993 жылдан бастап өткізіледі.



Авторы: Руслан Сүлейменов


Соңғы жаңалықтар