Режеп Тайып Ердоған Түркияда жер сілкінісіне байланысты жалпыұлттық аза тұту жариялады
2023 жылғы 7 ақпан, 00:30

АНКАРА. ҚазАқпарат - Түркия Президенті Режеп Тайып Ердоған елдің оңтүстік-шығысында болған жойқын жер сілкінісіне байланысты жеті күндік ұлттық аза тұту жариялады. Мемлекет басшысының тиісті жарлығын дүйсенбіде оның баспасөз қызметі таратты, деп хабарлайды ҚазАқпарат ТАСС-қа сілтеме жасап.
«2023 жылдың 6 ақпанында елімізде болған жер сілкінісіне байланысты жеті күндік ұлттық аза тұту жарияланды. Біздің туларымыз 12 ақпанда күн батқанға дейін елімізде және шет мемлекеттердегі өкілдіктерімізде жартылай көтеріліп тұратын болады», - делінген құжатта.
Теги:
Сондай-ақ... оқыңыз
Серіктестер жаңалықтары
TOP