Режеп Тайип Ердоған Түркиядағы президент сайлауының екінші турында дауыс берді

Фото: Фото: Анадолы агенттігі
ЫСТАНБҰЛ. АНАДОЛЫ – ҚазАқпарат – Түркия президенті Режеп Тайип Ердоған мен оның жұбайы Эмине Ердоған елде 28 мамырда өтіп жатқан сайлаудың екінші турында дауыс берді, деп хабарлайды ҚазАқпарат Анадолыға сілтемемен.

Режеп Тайип Ердоған мен Эмине Ердоған Ыстанбұлдың Ускюдар ауданындағы «Саффет Чеби» бастауыш мектебінің сайлау учаскесінде дауыс берді.

Сайлау учаскесіне Ускюдар муниципалитетінің басшысы Хилми Туркмен, Ыстанбұлдағы басқарушы Әділет және даму партиясының төрағасы Осман Нури Кабактепе және басқа да шенеуніктер болды.

Мемлекет басшысы бюллетеньді №3279 дауыс беру жәшігіне салды.

Түркия президентін мектеп ғимаратына жиналған көптеген азаматтар қарсы алды.

Түркияда 28 мамыр, жексенбіде республика тарихында тұңғыш рет президент сайлауында дауыс берудің екінші туры өтуде.

Қазіргі мемлекет басшысы Режеп Тайип Ердоған мен Республикалық халық партиясының жетекшісі Кемал Кылычдароғлу президенттікке үміткер.


Соңғы жаңалықтар