«Резеңке» жұмыртқа: санитар дәрігерлер сауда орындарын тексеруге шығады

None
None
АЛМАТЫ. ҚазАқпарат - Алматыда қалалық қоғамдық денсаулықты сақтау департаменті жұмыртқалардың тазалығын тексеру үшін сауда орындарында тексеру жүргізеді. Бұл туралы ҚазАқпарат тілшісіне департамент басшысы Айзат Молдақасымова айтты.

«Біз қаладағы барлық сауда орындары мен супермаркеттерден, базарлардан жұмыртқа өнімдерінің сынамаларын аламыз. Жұмыртқаның химиялық құрамына химиялық талдау жасаймыз, маркерлену тәртібін қадағалаймыз. Содан соң ғана бұл өнімнің қандай қаупі барын айта аламыз», - деді Айзат Молдақасымова.

Департамент басшысының айтуынша, мұндай тексерулер жыл сайын жүргізіліп тұрады. Бірақ, биыл дүкен сөрелерінен мұндай сапасыз өнім табылмаған. Әзірге департаментке ешкім шағымданған жоқ.

Айта кету керек, соңғы жылдары Қазақстанда Қытайдан келген сапасыз азық-түлік туралы видео тарап кеткен. Оның ішінде жұмыртқаның қолдан жасалған түрі де бар. Бұл жұмыртқа ұзақ уақыт сақталады. Бұл өнімдерді сыртқы түрінен ажырату мүмкін емес. Тек қайнаған соң «жалған» жұмыртқаның сарысы доп сияқты секірмелі болып қалады.

Соңғы жаңалықтар