Резеңке қайығы тесілген балықшы құтқарылды

None
None
ПАВЛОДАР. ҚазАқпарат - Усолка су айдынында орналасқан Тасбақа аралында балықшының резеңке қайығы тесіліп, қиын жағдайға ұшыраған, деп хабарлайды pavlodarnews.kz.

Бұл туралы облыстық ТЖД жедел-құтқару жасағы мәлім етті.

«Сағат кешкі алты жарым шамасында кезекшіліктің 112 нөміріне төтенше жағдай туралы хабарлама келіп түсті. Шұғыл түрде бөлімше басшысы Александар Носков пен құтқарушылар, жедел топ оқиға орын алған аймаққа қарай аттанды. Нәтижесінде 1981 жылғы ер азаматтың резеңке қайығы тесіліп қалғаны анықталды.  Құтқарушылар ер адамды барлық заттарымен жағаға жеткізді», - дейді департаментте.

Мамандардың айтуынша, мұндай оқиға көктемгі және күзгі уақытта жиі тіркеледі. Себебі, күн қысқа болғандықтан балықшылар қас қарайғанға дейін қалып қойып, қайықтарын ағаштарға соғып тесіп алады. Осыған байланысты ТЖД жедел-құтқару жасағы әуесқой балықшыларды түнгі балық аулаудан бас тартуға шақырады, себебі Ертіс өзеніндегі су деңгейі айтарлықтай төмендеген.

Соңғы жаңалықтар