Рейстің кешіктірілуінен аш қалған қазақстандық авиакомпанияны сотқа берді

None
АҚТӨБЕ. ҚазАқпарат – Рейстің кешіктірілгені үшін жолаушыларды тамақтандырмаған «Qazaq AIR» авиакомпаниясы 600 мың теңгеден астам сома айыппұл төлейтін болды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Ақтөбе-Астана» бағытындағы рейс 4 сағат 40 минитқа кешігіп, жолаушы тасымалдаушы компанияны сотқа берді.

Ақтөбе қалалық әкімшілік құқықбұзушылық жөніндегі мамандандырылған ауданаралық соты қала тұрғынының шағымын қарады.

Іс материалына сүйенсек, «Qazaq AIR» команиясының әуе рейсі 4 сағат 40 минутқа кешікті. Компания өкілі «Ақтөбе-Астана» бағытындағы рейстің кешігу себебін ұшақтың кеш келуімен байланыстырды. Сот отырысында шағым түсірген жолаушы рейстің кешіктірілуіне байланысты өзіне тамақ пен сусын берілмегенін айтты. ҚР «Әуе кеңістігін пайдалану және авиация қызметі туралы» Заңына сәйкес «Qazaq AIR» компаниясы жолаушыны тамақтандыруы тиіс болған.

Алайда тасымалдаушы компания өкілі шағыммен келіспеді. Сол күні рейстің кешіккені туралы алдын ала хабарлама беріліп, тамақ пен сусын таратылатыны туралы айтылған. Ал Д.Жанұзақ сағат 00.40-та ауқаттанғысы келген. Ол кезде акционерлік коғаммен келісімшартқа отырған дәмхана жабық болған. Жолаушыны тамақтандыру қиындығы содан туған. Сот отырысы кезінде «Qazaq AIR» компаниясының өкілі істі тоқтатуды сұрады.

Судья тараптарды тыңдаған соң, шешімін шығарды.

Сот үкіміне сүйенсек, «Qazaq AIR» компаниясына 612 мың 600 теңге әкімшілік айыппұл салынды.


Соңғы жаңалықтар