Рейстері кешікпейтін қазақстандық əуе компаниялар анықталды

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - ҚР Инвестициялар және даму министрлігі Азаматтық авиация комитеті уақытынан кешікпей қызмет көрсететін әуе компаниялардың рейтингін жариялады, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Комитеттің хабарлауынша, осы жылдың 10 айының қорытындысына сәйкес, ұшу көрсеткіштерінің тұрақтылығы 87,9 % құраған.

«SCAT» әуе компаниясының белгіленген уақыттан кешікпей ұшу көрсеткіші 78,9 % болған, яғни 19 759 рейстің 4 157-і кідірген. Ал «Qazaq Air» компаниясы көрсетілген мерзім ішінде 4 537 рейс жасап, соның 753-і кешігіп келген. «Эйр Астананың» 47 648 ұшырылымының 4 755  рейсі белгіленген уақытынан кідірген, кешікпей ұшу 97,1 % құрады. Ал «Бек Эйрдің» дәл уақытты ұстап қызмет көрсету көрсеткіші 97,9 % болған, яғни 8 203 рейстің 167-сі кешігіп ұшырылған»,- делінген аталған ведомствоның Фейсбуктегі парақшасында.

Сондай-ақ, Комитет әуе кемелерінің уақытынан кешігуіне негізінен әуе кемесінің кеш ұшып келуі, техникалық себептер, қолайсыз ауа райы, жүк және жолаушылардың оқиғалары, әуежайда қызмет көрсету жағдайлары себеп болатындығын атады.

Айта кетсек, қазақстандық әуе компанияларының уақытымен ұшу көрсеткіштері 22 пайызға жоғарлаған. 

Соңғы жаңалықтар