Рейсі тоқтатылған әуе компаниясы қызметкерлеріне қол көтерген әйелге айыппұл салынды

Фото:
АСТАНА. ҚазАқпарат – 25 ақпанда Астана - Шымкент рейсінің тоқтатылуына байланысты әуежайда наразылық білдіріп, әуе компаниясының қызметкерлеріне қол көтерген елордалық тұрғын әкімшілік жауапкершілкке тартылды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Бұл істі зерттеу кезінде осы рейспен ұшуы тиіс болған 27 жастағы елорда тұрғыны анықталды. Оған қатысты Әкімшілік құқық бұзушылық кодексінің 434-бабы 1-бөлігі «ұсақ бұзақылық» және 73-2-бабы «ұрып-соғу» бойынша әкімшілік хаттамалар толтырылды. «Ұрып-соғу» бабы бойынша толтырылған хаттама сотқа жолданады, ол сотта қаралады», - деп мәлім етті Астана қаласының әуежайындағы желілік полиция бөлімінен.

Еске салайық, 25 ақпан сағат 5:40-қа жоспарланған Астана - Шымкент КС-7307 әуе рейсі күн райының қолайсыздығына байланысты кейінге қалдырылып, одан әрі тоқтатылды. Азаматтық авиация комитетінің дерегінше, келтірілген қолайсыздықтар үшін заңнамаға сай жолаушыларға салқын сусындар мен ыстық тамақ таратылған. Сондай-ақ, өтініш білдірген барлық жолаушылардың билет құны қайтарылды.


Соңғы жаңалықтар