Рейдерлікпен айналысқан бірнеше адамға іздеу жарияланды

None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Ұзақ уақыт бойы рейдерлік тәркілеумен айналысқан бір топ адамның әрекеті тоқтатылды. Бұл туралы ҚазАқпарат Қаржылық мониторинг агенттігіне сілтеме жасап хабарлайды.

«Сотқа дейінгі тергеу аясында 5 қатысушы қамауға алынып, ұйымдастырушы Елдос Қоспаев, сондай-ақ оның сенімді адамдары Ерлан Имашев пен Руслан Шалинге іздеуге жарияланған болатын. Оларға қатысты сот сырттай бұлтартпау шарасын – қамауға алуды санкциялады. Сонымен қатар қылмысқа қатысы бар басқа да сыбайластар анықталды- Қоспаев Айдос, Кудряшева Оксана және Кузнецов Алексей. Бұл адамдар да іздеуде», - делінген агенттік хабарламасында.

Бұған дейін Алматыда рейдерлік тәркілеумен айналысқан қылмыстық топ ұсталған болатын.


Соңғы жаңалықтар