Рейдерлік заңбұзушылықтар ауыр қылмыс санатына жатқызылды

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Қаржылық мониторинг агенттігінің өкілдері редерлік туралы заңнамаға енгізілген згерістерге түсініктеме берді, деп хабарлады ҚазАқпарат.

Екі күн бұрын Президент Қасым-Жомарт Тоқаев «Қазақстан Республикасының рейдерлікке қарсы күресті күшейту, кәсіпкерлік қызметті мемлекеттік органдар мен лауазымды тұлғалардың заңсыз араласуынан қорғау және бағалы металдардың заңсыз айналымына кедергі келтіретін шараларды күшейту мәселелері бойынша кейбір заңнамалық актілеріне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Заңға қол қойған болатын.

Заңнадамағы жаңа өзгерістер мен түзетулерді Қаржылық мониторинг агенттігі мен басқа да мемлекеттік органдар «Атамекен» ұлттық кәсіпкерлер палатасымен бірлесіп, пысықтаған.

Мұндағы жаңашылдықтың бірі кәсіпкерлерді қылмыстық жауапкершілікке тарту бөлігінде заңнаманы ізгілендірумен байланысты.

«Бұрын ірі залал келтірілген жағдайда салықтарды немесе басқа да міндетті төлемдерді төлемегені үшін кәсіпкер қылмыстық жауапкершілікке тартылса, қазір төленбеген салықтардың сомасы күнтізбелік жыл ішінде салық төлеушінің есептелген барлық салықтары мен бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдері сомасының 10%-ынан аспаса, жауапкершілікке тартылмайды», - дейді Қаржылық мониторинг агенттік мамандары.

Жаңа құжатта рейдерлік басып алуға бағытталған корпоративтік басып алу тәсілдері бойынша нақтылаулар қосылған және оған қарсы қолданылатын санкциялар күшейтілген.

Мысалы, құқық қорғау, бақылаушы немесе сот органдары өкілдеріні тарапынан «сыртқы, күштік» рейдерлік жасалса, «ауыр қылмыс» ретінде қаралады.

Сондай-ақ, кәсіпкерлік қызметке кедергі келтіру бөлігінде де қылмыстық іс қозғауға жататын әрекеттердің түрлері нақты нормалармен толықтырылды. Бап «ауырлығы аз» қылмыстар санатынан «орташа ауырлықтағы» қылмыстарға ауыстырылды.

«Бұл түзетулер бірыңғай құқық қолдану тәжірибесін қалыптастыруға, рейдерлікке неғұрлым тиімді қарсы іс-қимыл жасауға мүмкіндік береді және құқық қорғау органдары тарапынан бизнеске негізсіз араласу үшін жауапкершілікті күшейтпек», - деп жазылған қаржылық мониторинг агенттігінің мәліметінде.


Соңғы жаңалықтар